жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
ХХI - маусымның жабылуы
2018 жылдың 30 мамыр жұлдызында Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры У.Шекспирдің «Ромео & Джульетта» трагедиясымен кезекті ХХI театр маусымын аяқтады. Қойылымның қоюшы режиссері Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының режиссері – Дина Жумабаева. Қоюшы суретшісі – Тургенбаева Акбала, киім үлгісінің суретшісі – Маймура Топанбаева, би қоюшысы Астана қаласының жастар театрының би қоюшысы – Шырын Мустафина, режиссер ассистенті мәдениет қайраткері белгісінің иегері – Қайрат Мурзаболатов. Қойылымның негізгі мазмұны бір – біріне өлердей ынтық, ғашықтық дертіне шалдыққан уыздай екі жас Ромео мен Джульеттаның сезім сергелдеңі жайлы. Бұл жолғы қойылымның өзгелерден ерекшелігі көп сөзділіктен құралмаған. Көбінесе кейіпкерлердің үздіксіз қозғалысы мен толассыз іс-әрекетінен құралған. Қойылым келген көрермендердің көңілінен шығып, аншлагпен өтті. Көкшетау қаласының көрермендері жас әрі талантты режиссер – Дина Жумабаеваға алғыстарын білдіріп, қаламызға екінші мәрте шақырды.



