жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
"Батырлық жолы" Құдайберлі Мырзабек
2018 жылдың мамыр айының 6,9,11-жұлдыздарында Ш.Құсайынов қазақ музыкалық драма театрында Жеңіс күніне орай, драматург Құдайберлі Мырзабектің «Батырлық жолы» қойылымы сахнада ойналды. Қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері М.Оспанов. Қойылымда Кеңес Одағының Батыры, жазушы, профессор, жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиннің майдан даласындағы мәңгі өлмейтін ерлік істері, оның қарулас достарының қаһармандық бейнесі сомдалды. Қойылымның өне бойында ер Мәліктің таңның мөлдір шуағындай рухани жан дүниесі, періште кейіптес бітім-болмысы адамгершілік ажары, парасат пайымы айқын көрініп тұрды. Көрермен қауым даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдоллаұлын ғана емес, аттары аңызға айналған Алаштың ардақты батыр ұлдары Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаевтардың жарқын бейнесімен қауышты. Шынайы тарихи деректермен көмкерілген, көркемдік қуаты терең, мәнді мазмұны айрықша қойылым кімге болсын терең ой салып, жан тебіренісіне түсірді деген ойдамыз.






