жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
"Ромео мен Джульетта" трагедиясы
Ромео мен Джульетта
2018 жылдың сәуір айының 15-жұлдызы күні сағат 17:00-де Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ драма театрында «Ромео мен Джульетта» атты трагедиялық премьера өтті. Бұл премьераның авторы Уильям Шекспир, қоюшы режиссері Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының режиссері – Дина Жумабаева. Қоюшы суретшісі – Тургенбаева Акбала, киім үлгісінің суретшісі – Маймура Топанбаева, би қоюшы Астана қаласының жастар театрының би қоюшысы – Шырын Мустафина, режиссер ассистенті мәдениет қайраткері белгісінің иегері – Қайрат Мурзаболатов. Келген қонақтардың көптігі сонша, қойылым аншлагпен өтті. Қойылымның негізгі мазмұны бір – біріне өлердей ынтық, ғашықтық дертіне шалдыққан уыздай екі жас Ромео мен Джульеттаның сезім сергелдеңі жайлы. Бұл жолғы қойылымның өзгелерден ерекшелігі көп сөзділіктен құралмаған. Көбінесе кейіпкерлердің үздіксіз қозғалысы мен толассыз іс-әрекетінен құралған. Көрермендердің ықыласына қарай қойылым сәтті өтті.