жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
04.01.2018

«Мен мұсылманмын»

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оспанов Мұратбек Үкібайұлы түсірген «Мен мұсылманмын» атты қысқаметражды көркем фильмнің тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге Көкшетау қаласындағы БАҚ мен мәдени және әдеби орта сондай-ақ Қазақстан Мұсылмандар Діни Одағы (ҚМДО) басқармасынан да әрі жергілікті имамдарымызда келіп көрді. Көрсетілімнен кейін көзқарақты көремендер мінберге шығып өздерінің ойларын бөлісті. Бұл фильмнің ешқандай қаржыландырусыз-ақ өздерінің бар мүмкіндіктерімен жасап шыққан шығармашылық құрамның жанкешті жан еңбегіне еріксіз тәнті болдық.

«Мен мұсылманмын»
(қысқаметражды көркем фильм)

Режиссері: Мұратбек Оспанов
Авторы: Назгүл Сұлтанова (Ресей киноматогристер одағының мүшесі)
Операторлар: Аян Тумурзаев,
Дастан Дәлелханов
Рүстем Қабдушев

Рольдерді орындайтын:
Алтынай – Әсем Серікова
Фарит – Медет Хамзин
Лена – Залина Хушиева
Алина – Анастасия Речкалова

«Мен мұсылманмын» қысқаметражды көркем фильмі мұсылмандықтың тура жолын көрсетуге тырысқан көркем туынды. Бүгінгі қоғамдағы сан-салалы ағымдар, әрқилы діни ұйымдар адамзат санасын әр бағытқа бөліп адасуға жетелеп жатқандығы жасырын емес. Соның салдарынан өзін-өзі жазым етіп, басын оққа тігіп, бейбіт өмірден оқ пен оттың ортасына аттанып, отанынан безіп, ата-анасының көз жасына қалып жатқан жастарымыз қаншама. Айналып келгенде діни сауаты мен ішкі руханияты әлсіз жандардың жасап жатқан қателіктері екені белгілі. Осы кинода «бір тал қыл шықса көсеге, көсем боп шығар көшеге» - деп, кешегінің жұрты айтқандай аңқау елді алдаған алаятықтың ақыры не болатынын көрсетуге тырысқан. Бүгінгі қоғамға керекті, өзектілігі өте зор тақырып екені даусыз.

Фильімнің ұзақтығы 25 минут
Қойылым орыс тілінде ұсынылады.
Фильм жалпы өнерсүйер қауымға арналған

 

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры

Сайт разработан командой dba.kz