жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Жаңа маусым - жаңа премьера!
Кеше 11 қазанда көптен күткен ХХІ театр маусымы ашылды. Сая Қасымбектің "Бала кімдікі?!"комедиясы жаңа маусымның шымылдығын түрді. Режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері- Мұратбек Оспанов.
Еңсесін басып, қоғамдық түйткілдер əбден діңкелетіп тастаған жерлестерімізді, театр сүйер қауымды бір күлдіріп, серпілтіп, жігерлендіріп алсақ деп жоспарлаған едік. Міне өз мүдеміз орындалғандай. Халық қыран топан күлкіге қарық болды. Бізде осы күлкіге дəн ризамыз. Кеше көрермендердің көп жиналғаны сонша иін тірескен жұрт спектаклтьді тік тұрып көрді. Орын жоқ дегенімізге қарап тұрған халық жоқ. Көкшетау халықы театрды əбден сағынған екен.
Егер, аталмыш комедияны тағыда көргілеріңіз келсе, бүгін кешке 18:30 тағыда сахналатынын ескретеміз. Келіңіздер! Көріңіздер!