жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Психологиялық драма "Тор"
«Тор» психологиялық драмасы ой-сананың құрдымға кету көрінісін бейнелейді. Пьесаның кейіпкерлері – әр түрлі жастағы, тағдырлары сан-килы адамдар. Әлеуметтік дәрежелері де бірдей емес. Барлығы да бір торға қамалған, бірақ оларды байланыстырып тұрған бір мәселе – нашақорлық.
Пьеса жасөспірімдер мен жастар аудиториясына арналып жазылған. Бұнда жастардың сленг тілі жиі қолданылады.
Пьеса желісі мәселені ашық әрі тура мағынада, еш бүркемесіз, тасалаусыз анық көрсетеді. Қарапайым және айқын түрде ойналады. Үлкен торға түскен әр қатысушы шын мәнісінде – жан тапсырған адам. Тор – әр кейіпкердің өмірі қарастырылатын ғарасат майданы не қамау іспетті.
Ерте ме, кеш пе, қай дүниеде болмасын ешбір жан күнәсінан айығудан қашып құтыла алмас. Ең бастысы – тәубеге келу...