жаналыктар
-
20.12.2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Әбділ "Ұлы дала" шығармашылық байқауында балалар әдебиеті бағыты бойынша жеңіс тұғырынан көрінді
-
17.12.2024
"Қызық екен"
Жаңа жылдық концерттік бағдарлама
-
09.12.2024
"Бремен музыканттары" жаңа жылдық ертегі
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
-
06.12.2024
Әзірбайжан Республикасының Шеки мемлекеттік драматеатрының145 жылдығына арналған халықаралақ IV Шеки театр фестивалі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Алып елім - Алашым» атты әдеби-музыкалық композициясының премьерасы
2016 ж 15 желтоқсанда Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алып елім - Алашым» атты әдеби-музыкалық композициясының премьерасы өткізілді.
Өзгеше айтқанда, танымал көкшетаулық ақын Алмас Темирбайдың өлеңдеріне поэтикалық спектакль ретінде жүргізілген, инсценировка болып өтті.
Сахнада екі әртіс оператор және тілмаш ролінде саябақ орындықтарында сауық-сайран құрып отырған жастардан: «Қазіргі кезде киелі Көкшетау жерінде Ақан сері мен Біржан сал сияқты, басқа да ұлы даланың дәстүрлі мәдениеті қайраткерлерінің жолын қуушы кім?» деген сауал қояды. Бірнеше қалжыңнан кейін жігіттер мен қыздар бір дауыспен бұл сұраққа Алмас Темірбай деп жауап береді.
Композицияның шарықтау шегінде кадрдан тыс диктордың дауысымен радио тыңдаушыларын террор актілері, педофелия, Алматы облысындағы үш ағайындылардың өлімі, жас нәрестелерді қоқыс орларына тастау фактілері туралы ақпараттандыратын мизансцена ерекше орын алады, әр хабар берілген сайын сахна төріндегі шаңырақ төмен қарай түсіп отырады. Шаңырақ – бұл қарапайым ғана ағаштан жасалған шеңбер емес, бұл – отбасы, Отан, өркендеудің белгісі. Қазақ үшін қарғыстың ең жаманы: «Шаңырағың шайқалсын!» деген екен. Ал енді соңғы кезде шаңырақ жерге түсуге дайын кезде бөбектің дауысымен: «Алтын күн аспаны, алтын дән даласы...» әнұран шумақтары секунд сайын дауысы қаттырақ әрі нық сеніммен айтыла бастағанда, адамдар тізелерінен тұрып, жас әйелдер тастап кеткен бүлдіршіндерін қолдарына алады. Бұл сахна Тәуелсіздіктің келгенін, халықтың санасы мен рухының шарықтауын көрсетеді.