жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
08.06.2016

«Жан шырылы» драмасын Есіл және Жарқайың көрермендері тамашалауда

«Жан шырылы» драмасын Есіл және Жарқайың көрермендері тамашалауда

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры ХІХ маусымды айақтап, дәстүрге айналған облысымыздың аудан, қалаларына іс-сапарын бастады. Аудан орталықтарында орналасқан мәдени ошақтардың сахнасында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтің «Жан шырылы» атты драмасы (қоюшы реж. М.Оспанов) қойылуда.

          Туындыда автор бүгінгі күні рухани жан-дүниенің, діни наным-сенім "қазанының қақпағы қисая жабылғаннан" бері қауіп те көбейгенін көрсетпек. Атқан таң мен батқан күндей жақсылық пен жамандық бір-бірімен жағаласа жұлқысып жатқан жайы бар.

          Жан шырылы - ел ішіне дендеп болмаса да, ендеп еніп келе жатқан жат діндердің уытына уланған адамдардың қайғы-қасіреті. Солардың ата-аналарының перзент үшін күйінген, бауыр еті баласы үшін қайғының уын ішкен сәтіндегі ғазиз жандарының өзектерін өртеген өкініші. Қос қақпаның арасынан жол таппай аңырған, жөн таппай аңыраған, көкірегіне тұз сеуіп жібергендей күйзелген, шыбын жаны шырқыраған жанның шырылы.

          Аталған қойылым Астрахан, Егіндікөл, Есіл және Жарқайың аудандарында жиналған көрермендердің көңілінен шығуда. Алдағы уақытта басқада аудандарға іс-сапарға шығу жоспарланып отыр.