жаналыктар
-
20.12.2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Әбділ "Ұлы дала" шығармашылық байқауында балалар әдебиеті бағыты бойынша жеңіс тұғырынан көрінді
-
17.12.2024
"Қызық екен"
Жаңа жылдық концерттік бағдарлама
-
09.12.2024
"Бремен музыканттары" жаңа жылдық ертегі
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
-
06.12.2024
Әзірбайжан Республикасының Шеки мемлекеттік драматеатрының145 жылдығына арналған халықаралақ IV Шеки театр фестивалі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрына жаңа басшы тағайындалды
Бүгін Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөкейханқызы Бөрібаева театр ұжымына жаңа басшы Мұратбек Үкібайұлы Оспановты таныстырды.
Оспанов Мұратбек Үкібайұлы Шахмет Құсайынов атындағы Облыстық қазақ музыкалық-драма театрының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері 1957 жылы 17-інші қарашада Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданының Мамай ауылында дүниеге келген. 1975 жылы орта мектепті бітіргенен кейін Алматы Мемлекеттік театр және көркем сурет институтының актерлік бөліміне түсіп, 1979 жылы осы оқу орнын тәмамдағаннан кейін Мәдениет Министрлігінің жолдамасымен М.Әуезов атындағы қазақ Мемлекеттік адемиялық драма театрына актер болып орналасты. 1980 жылы М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасы бойынша қойылған спектакльде Кебектің ролінде ойнап «Жігер» жастар фестивалінің лауреаты атанды (қазіргі «Дарын» фестивалі). Аталмыш театрда Назым Хикметтің «Фархад-Шырынында» - Фархадты, М.Әуезовтың «Еңлік-Кебегінде» - Кебекті, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» -Қодарды, «Амангелдісінде» - Кете, Флучектің «Бір құты мұнайында» - Жеңіс, У.Шекспирдің «Юлий Цезарінде»- Антоний т.б. рольдерді ойнады.
Әдемі, ерекше даусының арқасында 1980-1994 жылдыар аралығында барлық Мемлекеттік концерттерге жүргізуші, көркемсөз оқу шебері ретінде қатысты. Осы кезеңдерде Ш.Айманов атындағы «Қазақ фильм» киностудиясының дубляж бөлімінде 300 кинофильмді, 70-ке жуық мультфильмді қазақшалауға қатысты.
Қазақ радиосының алтын қорына 57 әдеби хабар жазған. «Қазақтелефильмде» 38 фильмде дикторлық мәтін оқыған. Республикалық теледидарда жүргізуші ретінде «Терме», «Ән шашу», «Замана даусы» сияқты хабарларға қатысты.
1994 жылдың желтоқсан айында Көкшетау облыстық әкімшілігі Қазақ театрынын ұйымдастыруға шақырып, 1995 жылдың 1-інші қаңтарында театрдың бас директоры және көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалды.
Театр 1996 жылы 6-ыншы наурызда Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері- Ақтоқты» (режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ж.Омаров) спектаклімен ашылды. Қазір театр репертуарында 70-тен артық спектакльдер бар, 30-дан артығының режиссері М.Ү.Оспанов. Бұл қойылымдағы әр спектакль өзіндік режиссерлік шешімімен қайталанбас образдық ізденістерімен, мағыналы символикалық мизансценаларымен ерекшеленеді. Бұлардың қатарында терең психологиялық дүниелер де, кең көлемді классикалық шығармалар да, ойлы комедиялар да бар. Солардың ішінде көп жылдан бері репертуардан түспей келе жатқан Б.Әлімжановтың «Құдалығын», Т.Қажыбаевтың «Жындар биін», О.Бөкейдің «Атау кересін» атап өтуге болады.
Сонымен қатар, Мұратбек Оспанов «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ бастығы, «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары болып қызымет атқарды.
Режиссер-баталист ретінде де Республикалық деңгейдегі екі кең көлемді театрландырылған қойылымның авторы. Біріншісі Петропавл қаласында өткізілген Қарасай батырдың 400 жылдығына арналған 2500 адам қатысқан қойылым. Екіншісі Көкшетау қаласында Кенесары ханның 200 жылдығына орай көрсетілген 1700 адам қатысқан театрландырылған қойылым.
2001 жылы Алматы қаласында өткен І Республикалық шағын комедиялар Блиц-фестивалінде Гран приді иеленіп, А.П.Чехов шығармалары негізінде қойылған «Конвейер» спектаклімен (режиссері Г. Мерғалиева) Каир қаласындағы Халықаралық фестивальге қатысты. Әлемнің түпкір-түпкірінен келген 56 театрдың ішінен жүлделі 5 орынның біреуін иеленіп, абыройлы оралды.
2005 жылы Сәкен сері Жүнісовтің 70 жылдығына орай І Республикалық театр фестивалін ұйымдастырды. Осы фестивальде М.Ү.Оспанов қойған С.Жүнісовтің «Абылай» толғауы ең үздік деп танылды. Декорациясын жасаған театрдың бас суретшісі Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Мақсұт та бас жүлдені иеленді.
2007 жылдың қараша айында Қытай Халық Республикасының Іле қазақ автономиялық облысының 4 ауданы мен облыс орталығында өз өнерлерін көрсетіп қайтты.
М. Ү. Оспановтың шығармашылық ізденістері мен кәсіби деңгейі, Қазақстан өнері мен мәдениетіне сіңірген еңбектері ескеріліп, 2001 жылы «Мәдениет қайраткері» белгісімен, «Қазақстанның 10 жылдығы» медалімен, көптеген алғыс хаттармен марапатталған. 2002 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» жоғарғы атағы берілді.