жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
Жеңіс күні құтты болсын!
Жеңіс күні құтты болсын!
Барлық қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Елімізде тыныштық, амандық, бірлік, бейбітшілік орнасын!
Құтты болсын мереке жауыздың оты сөнген күн,
Жақсының шын жеңгенін мойындап жаман көнген күн.
Көрсеткен қорлық, жамандық қайта айналып басына,
Дөңеленіп дүние жау басына төнген күн.
Арайлап атсын ендігі мейірімде таңдарың,
Тыныштықта тербелсін тәтті қиял, арманың.
Бейбіт күннің жеңісін күнде көріп жүрейік,
Жақсылық жасап ұмытпай мына өмірдің жалғанын.
Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында театр труппасы Кеңес Одағының батыры, ұлы тұлға Мәлік Ғабдуллин жөніндегі драманы көрсетті. Құдайберлі Мырзабектің пьесасы бойынша қойылған «Батырлық жолы» драмасы батырдың өмірі, жолы, ерлігі жөнінде сыр шертеді. Мәлік Ғабдуллиннің ролін актер Бағлан Иманғазинов сомдайды.
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сіздерге елі тыныш, жұрты аман мемлекетте өмір сүріп жатқанымыз үшін мың алғысымызды білдіріп, басымызды иеміз!