жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
Қазақтың қайсар қайраткері, ұлт перзенті Жұмабек Ахметұлы Тәшенев туралы деректі фильм
Құрметті көрермен қауым, кеше 30 наурыз күні сағат 20.30-да Республикалық «Білім және мәдениет» телеарнасынан қазақтың қайсар қайраткері, ұлт перзенті Жұмабек Ахметұлы Тәшенев туралы «Биліктен биік тұлға» атты «Өмір жолы» тұлғалар сериясы бойынша деректі фильм көрсетілді. Ары мен намысын әр уақытта ту етіп, білімі мен күш жігерін еліне шынайы қызмет етуге жұмсаған Жұмабек Ахметұлы қазақтың елі мен жері үшін арыстанша алысып, ел тұтастығын сақтап қалған ұлы ерлігі фильмде көрініс табады. Жұмабек Тәшенев қазақтың ғылымы мен мәдениетіне зор үлес қосқан тұлғаларды дер кезінде тани біліп, қазақ зиялыларына жанжақты қолдау көрсетті. Ұлт қайраткері туралы деректі фильмде Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының актерлерінің қатысуымен театр репертуарындағы автор Ерсайын Төлеубайдың «Алдаспан» қойылымының бірқатар көріністерінен үзінділер көрсетілді. Аталған фильмде Жұмабек Ахметұлы рөлінде ҚР мәдениет қайраткері Төлеубек Көңбай, Никита Хрущёвтің рөлінде ҚР мәдениет қайраткері Жарас Қалдаров, Бауыржан Момышұлының рөлінде ҚР мәдениет қайраткері Қайрат Мырзаболатов, Гүлжихан Ғалиеванің рөлінде ҚР мәдениет қайраткері Жанар Құсайынова, Дәумен рөлінде Зүлкәпіл Батихан. Фильмді «Білім және мәдениет» телеарнасының сайтынан көре аласыздар!