жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
28.03.2016

"Дарабоз-2016" ІІ театралдық сыйлығы

27 наурыз күні театр сахнасында Халықаралық театр күнін тойлау мерекесі өтті. Дәстүрге айналған «Дарабоз» ІІ театр сыйлығының дипломдары мен статуэткалары тарту етілді. 
Көрермендердің дауыс беру қорытындылары бойынша Жанар Құсайынова «Жылдың үздік актрисасы», ал Ерганат Сәбитов «Жылдың үздік актеры» болып танылды.
Театр ұжымы арасындағы құпия дауыс берудің нәтижелері бойынша «Театрдың үздік қызметкері» болып бас әкімші Гүлмира Бекішова, «Театрдың үздік шығармашылық қызметкері» болып киім цехының меңгерушісі Нұржамал Шальжанова танылды, «Театрдың дамуына үлесін қосқан» номинациясына күзет қызметінің қызметкері Алексей Пушкарь ие болды. 
Сонымен қатар, жеке сыйлықтар табыс етілді. Халық әртісі Жібек Бағысова атындағы сыйлық жас актриса Мұратхан Еркежанға берілді. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов атындағы сыйлық актер Асылбек Ташимовқа берілді. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жақып Омаров атындағы сыйлыққа актриса Зафура Арзымбетова ие болды.
Қазақстан театр қайраткерлері Одағының Құрмет грамоталары театр директоры М. Джакуповаға, әдебиет бөлімінің меңгерушісі Б.Байәділовке және қоюшы режиссер Болат Абдрахмановқа берілді. 
Театр ұжымын атаулы мерекемен құттықтау үшін келген қонақтардың арасында Ақмола облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Г.С.Бекназарова, Орыс драма театры басшысының орынбасары Е.Т.Хамзин, театр өнерінің табынушысы М.Қажы болды. Театр директоры М.Джакупова да ұжымына құттықтау сөздерін арнап, жылы лебіздерін білдірді. 


Актерлер мен режиссерлер өз тарапынан көрермендеріне белгілі мюзиклдер мен оперетта үзінділерінен алынған әсем, әуезді әндерге, пантомима мен этюдтерге, тартымды билер мен қызықты скетчтерге толы театрландырылған көрініс ұйымдастырып бір қуантты.