жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
Валентин күніне орай "Махаббат FM"
Бүгін театрда татар драматургі Ильгиз Зайниевтің "Махаббат FM" пьесасы бойынша махаббат жайындағы жастар комедиясының премьерасы өтті. Пьеса қос ғашық – Ілияс пен Шолпанның бір-біріне деген сүйіспеншілік сезімінің оқиғасын суреттейді. Алайда, қазіргі өмір екпіні және біздің кейіпкерлеріміз шынайы әрі адал махаббатың барын жоққа шығаруда. Ең соңында ғашықтық сезімі жеңіп, оның бар екеніне көрерменнің де, кейіпкерлердің де көздері жетеді. Спектакль режиссері Фархадбек Қанафин әр мизансценасымен, кейіпкердің әр қимылымен, әр сөзімен нағыз махаббаттың бар екенін көрерменнің санасына жеткізе білді. Және одан бас тартып, оны мойындамауға болмайды.
Жас көрерменге лайықталған спектакльді жастар ыстық қабылдады. Олар бір-бірін түсініп, бір тілде сезім алмасқандай болды.
Көрермен залынан естілген ду қол шапалақ пен келушілердің әсері спектакль көрерменнің көңілінен шыққанын көрсетеді. Ұжымды премьерамен шын жүректен құттықтаймыз! "Махаббат FM" спектаклі ұзақ жасасын!