жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
"Махаббат FM" комедиясының премьерасы!
Режиссер Фархадбек Қанафин татар драматургі Ильгиз Зайниевтің пьесасы бойынша «Махаббат ФМ» спектаклінің қойылымына кірісті. Спектакльдің сценографы – Ләйлә Нәбиева, костюмдер бойынша суретші – Маймұра Топанбаева. Комедияның желісі бойынша жас радиожүргізуші Ильяс заманауи «жұлдыздылыққа» салынған жастардың бірі. Бас кейіпкер рольдерді жұмысында ғана емес, өмірде де ойнайды. Бұл жалған өмірде шынайы махаббаттың жоғына сенімді Ильяс дыбыс режиссеры Шолпанға өзі білмей ғашық болып қалады. Бірақ ішкі сезімін қызға ақтарғысы келмейді. Пьесаның соңы сәтті. Ильяс пен Шолпан қосылады.
Режиссердың айтуынша қойылатын спектакльдің идеясы – махаббатқа адал болу, оны аялау. Қойылым жас көрерменге арналған.
Комедияның премьерасы ақпан айының соңында шығады. Көрермендерді «Махаббат ФМ» спектакліне шақырамыз.