жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
Олимпиада қатысушыларына
2016 жылдың 5 қаңтар күні, жаңа жылдың бірінші жұмыс күні Ақмола облысының 9-10-11 сыныптарының үздік оқушылары мұғалімдермен бірге Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрына келді.
Олар – мектеп оқушылары арасындағы облыстық олимпиаданың қатысушылары болып табылады. Облыстық білім басқармасының жауапты қызметкерлерінің бастамасымен олимпиада қатысушылары белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Жұмабек Тәшенев туралы «Алдаспан» спектаклін тамашалады. Театр басшылығы жас көрерменге бұл қойылымды ұсынып отырғаны бекер емес: аталған қойылым өз елін шексіз сүю мен Отанға деген перзенттік парызға адал болуға тәрбиелейді. Қойылымның авторы мен режиссеры – Қазақстан Республикасының халық әртісі, белгілі режиссер Ерсайын Төлеубай.