жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
26 қарашада Минскте Балтия, Грузия және ТМД елдері арасындағы ІІ Жастар театр форумы аяқталды
26 қарашада МинсктеБалтия, Грузия және ТМД елдері арасындағы ІІ Жастар театр форумы аяқталды.

Жабылу салтанаты Янка Купала атындағы Ұлттық академиялық театрдың сахнасында өткізілді. Мұнда Форумның жеңімпаз спектакльдері жарияланды.
Форумның басты сыйлығының және I Сыйлығының – алтын қолшатырдың иегері - "Чистый разум/Укуси меня" спектаклі, авторы және режиссёры - Ренате Кеэрд, Nii Компаниясы және Тарту Жаңа Театры (Эстония). Бұл спектакль 2017 жылы өткізілетін А.П. Чехов атындағы XIII Мерейтойлық Халықаралық театр фестиваліне қатысу құқығына ие болды. Күміс қолшатыр және II Сыйлық режиссёры - Станислав Жирков, авторы Дмитрий Богославскийдің "Любовь людей" спектакліне берілді, Киевтің академиялық Жастар театры (Украина). Қола қолшатыр және III Сыйлық У. Шекспир бойынша 2 көріністі трагифарс "Гамлет" спектакліне берілді, режиссёры - Игорь Казаков, Могилёв облыстық қуыршақтар театры (Беларусь).
Сонымен қатар қазылар алқасы актёр Кирилл Имеровті - "Облако-рай" (Ресей) спектаклінде Коляның ролін сомдағаны үшін, актриса Мариам Казанчянды - "Вкус мёда" (Армения) спектаклінде Джоның ролін сомдағаны үшін және жан-жақты театр дарыны үшін Дмитрий Богославскийді арнайы сыйлықтармен марапаттады.
Жас сыншылардың пікірі бойынша Корольдік аймақ Театрының (Тбилиси, Грузия), режиссеры - Дата Тавадзе, "Женщины Трои" - спектакльдердің үздігі болып табылады.