жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
«Қайырымдылық керуені» акциясы бастау алды
27 желтоқсан күні Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры актерлерінің бастамасы бойынша және театр басшылығының қолдауымен Көкшетау қаласындағы жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін «Жаңғақ шаққыш» («Щелкунчик» авт.Э.Т.А.Гофман, реж. Б.Абдрахманов) ертегісі қойылды. Сонымен қатар, көркем безендірілген шыршаның жанында ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен екі тілде жаңа жылдық театрландырылған қойылым ұйымдастырылды (реж.Ф.Канафин). Актерлер труппасы балаларға ертегі әлемінің тереңіне бойлауға мүмкіндік беріп, көңілдерін шаттыққа толтырды. Ертегі кейіпкерлері балақайларды қызықты би мен шыршаны айналып ән айтуға еліктірді. Олар шаттана тақпақ айтып, ән салып, би биледі.
Театрдың мейірімді бастамасына Ақмола облысының іскер әйелдері Ассоциациясы мен Саясаткер-әйелдер клубының мүшелері белсенді қолдау көрсетті. Олардың көмегімен барлық шақырылғандардың қуанышына орай балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.
Айта кету керек, бұл Ақмолаоблысы іскер әйелдері Ассоциациясының 2016 жылдың жарты жылдығына жариялаған «Қайырымдылық керуені» акциясының бастауы болды. Ассоциацияның алғашқы өткізген қайырымдылық іс-шарасы. Жалпы, жарты жылдың ішінде қайырымдылық гендерлық бал және аукцион; облыстық кәсіпкерлерден киім-кешек пен тұрмыстық заттарын жинау және соларды мұқтаж отбасыларға тарату; облыс аймақтары бойынша жеке көлігі бар әйелдердің авто-марафоны; Жеңіс күні мен Балаларды қорғау күніне орай және т.б. кеңауқымды іс-шаралар қатарын өткізу жоспарлануда.
Және кетер жылдың соңғы күндері облыстың іскер әйелдері атынан Сандықтау балалар үйінің тәрбиеленушілеріне де жаңа жылдық сыйлықтарды табыстау, мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен киім-кешек беру жоспарланып отыр. Бұған әйелдер ұйымдарының жанашыр белсенділері мұрындық болып отыр.