жаналыктар
-
03.11.2026
ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ!
Сүйінші!
-
27.10.2026
Репертуар!
Қараша айының
-
27.10.2026
Репертуар!
Performances for children and teenagers of the month of November
-
22.10.2026
БАҚ НАЗАРЫНДА!
Халық әртісі Жібек Бағысова жайлы жазушы-драматург Жабал Ерғалиұлының терең толғамын "Арқа ажары" газетінен оқи аласыздар
ТМД, Балтия мен Грузия мемлекеттерінің II театралдық жастар форумы
2015 жылдың қараша айының 19-нан 26-на дейін (Беларусия) Минск қаласында Балтия, Грузия және ТМД елдері арасындағы ІІ Жастар театр форумы өтеді.
Бұл айтулы іс-шараның ұйымдастырушылары – Театр одақтарының халықаралық конфедерациясы, БР мәдениет министрлігі, Минск қаласының атқару комитеті және ТМД қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлы ынтымақтастығының мемлекетаралық фондының қаржылық қолдауымен беларус драматургиясының республикалық театры.
Форумға Азербайджан, Армения, Беларус, Грузия, Қазақстан, Қырғызтан, Латвия, Литва, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан және Эстония елдерінің театр ұжымдары қатысады. Форумда қатысушы елдерден жас режиссерлердің 13 спектаклі көрсетіледі.
Режиссерлерден басқа театр суретшілері мен драматургтары конкурстық іріктеуден өтеді. Суретшілердің үздік жұмыстары форум аясында өткізілетін БДРТ галереялық кеңістігінде ұсынылады. Жас драматургтердің үздік пьесалары арнайы жинақта шығарылған. Жастар театр форумының аясында шебер класстары, семинарлар, атақты театр қайраткерлерімен және көршілес елдердегі әріптестермен кездесулер жүргізіледі.
Біздің театр режиссер Болат Абдрахмановтың қойылымындағы Т.Уильямстың пьесасы бойынша «Құштарлық» трамвайы» спектаклімен Қазақстанымыздың намысын қорғайды.

Ұжымымызға сәттілік тілейміз!