жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
Ақмола облысының Алматы қаласындағы мәдени күндері
Құрметті Алматылықтар және қала қонақтары!Халықаралық және Республикалық театр фестивальдерінің жүлдегері Көкшетау қаласының Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры өзінің таңдаулы қойылымдарымен 2015 жылдың 26,27,28 қазан күндері Тұңғыш рет Алматы қаласына гастрольдік сапарын жасамақ!Келесі афишаға сәйкес қойылымдар Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жұрт назарына ұсынылмақ!26 қазан күні Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қазақ халқының дана перзенті, Үш жүздің басын қосып, елінің бірлігін аңсаған ұлы Абылай ханның қайраткерлік қалыптасуы жайында Сәкен Жүнісовтің "Абылай" тарихи толғауын(режиссері Мұратбек Оспанов) ұсынады. 27 қазан күні Кеңестік тоталитарлық жүйенің қысымымен Қазақ жерінің шұрайлы өлкелерін бөліп алып,өзге елге қоспақшы болған сұрқия саясатқа қаймықпай қарсы шығып, елі мен жерінің тұтастығын сақтап қалған қазақтың арда ұлы мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов жайында Ерсайын Төлеубайдың "Алдаспан" драмасы ойналады.28 қазан күні Отбасы құндылығы мен Ана тақырыбын тереңінен толғайтын Ш.Құсайыновтың "Анамның ақ көйлегі" драмасы(режиссері-Мұхитжан Изимов) ойналады.Үш күн бойы жас көрермендерге Эндрю Стентонның "Ойыншықтар оқиғасы" ертегісі ұсынылмақ.