жаналыктар
-
03.11.2026
ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ!
Сүйінші!
-
27.10.2026
Репертуар!
Қараша айының
-
27.10.2026
Репертуар!
Performances for children and teenagers of the month of November
-
22.10.2026
БАҚ НАЗАРЫНДА!
Халық әртісі Жібек Бағысова жайлы жазушы-драматург Жабал Ерғалиұлының терең толғамын "Арқа ажары" газетінен оқи аласыздар
01.01.2015
Жаңа жыл құтты болсын!
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді 2015-ші жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл мерекесі жас пен дәрежеге қарамай6 бәрімізді ертегі еліне жетелейтін, алдағы өмірімізден әлде бір жақсылық күттіріп елеңдететін ерекше мереке. Өткен жылға қорытынды жасап, келер жылға жоспар құратын келелі мереке.
Сондықтан жаңа жылда әрдайым асықтарыңыз алшысынан түсіп, жаңа бастамаларыңыз жеңіске жеткізіп, игі істеріңізге сәттілік серік болсын. Жыл бойы өздеріңізді отбасында бақытты сезініп, қызметте абыройлы болыңыздар.
Қолдағы барымызды қадірлеп, жанмымызда жүрген жандарды ардақтап, өткендерді ізгілікпен еске алып, болашаққа сеніммен қарайық.
Жаңа жыл баршаңызға бақбереке әкеліп, еліміз байқуатты болсын!