жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
Біржан салдың 180 жылдығы қарсаңында
Театрда Біржан салдың 180 жылдығы қарсаңында, Баянғали Әлімжановтың пьессасы бойынша «Біржан салдың шідері» атты спектаклдің қойылымы басталды. Қоюшы-режиссері Сафуан Шаймерденов. Лирикалық драма Әншінің өмірі мен Ләйлім атты қызбен кездесуі жайлы баяндалады. Режиссердің айтуы бойынша қойылымның ерекшелігі Біржан салдың әндері жанды дауыста орындалады.
Біржанның образы әншілік қана емес, оның қоғамдағы орны, халық жанашыры ретінде көрініс табады. Атадан келе жатқан дәстүрге құрмет, ерге лайық бір сөзділік, салдың негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады.
Біржан өмір сүрген XIX ғасырда, орыс отарлаушыларының озбыр саясатына бой алдырып, еңсесі түсе бастаған халықтың көңілін әнмен көтеріп, рухтандыра түсуі болса, екінші жағынан халық өнерін, ақындық, жыраулық, әншілік дәстүрін жоғалмастай етіп жеткізу жолындағы, Біржан салдың халқына сіңірген еңбегі мол.
Ләйлім образында, қазақ қыздарының, өз бақытына жету жолындағы күресе білетін өжеттігі мен ақыл парасаты да шебер көрсетіледі.
Қойылымның премьерасы қазан айының басына жоспарланған.