жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Маусымның қорытындысы!
Спектакль аяқталғасын театрдың директоры М.Жақыпова құттықтау сөз сөйлеп, осы маусымды жарқын деп атап өтті және кеш соңында сыйлықтар табыс етті.
Үш айдың аралығында – наурыз, сәуір, мамыр – көрермендер өздеріне ұнаған актер мен актрисаға өз дауыстарын беруге мүмкіндігі болды. Көрермендердің таңдауы бойынша «Жыл актрисасы» халық әртісі Жібек Бағысова, «Жыл актері» Асылбек Ташимов, «Жыл дебюті» - Айжан Шарипова болды.
ҚР халық әртісі Жібек Бағысова атындағы сыйлығын актриса Жанар Кұсайынова иемденді. Сыйлықты өзі Жібек Бағысова табыстады. Мұратбек Оспанов атындағы сыйлықты Қайрат Мырзаболатов иемденді. Жақып Омаров атындағы сыйлық актер Жарас Қалдаровқа табыс етілді. Театр өнерін қолдаушы және насихаттайтын келесі журналистерге алғыс хаттар табыс етілді Байқал Баяділов ("Арқа ажары" газеті), Ғалия Әшкенова (ТВ "Қазақстан-Көкшетау"), Раушан Утеулина ("Акмолинская правда" газеті).