жаналыктар
-
20.08.2026
20 тамыз күні Спорт күніне орай "Спорт – сергектік пен салауатты өмір салтының кепілі!" атты
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы театр ауласында таңғы жаттығу өткізді.
-
19.08.2026
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
"Жақсылық жаса — жүрекке жылу сыйла!" акциясы өтті
-
14.08.2026
"Спорт – денсаулық кепілі!" атты
Жаңа жағалауында облыс әкімі Марат Мұратұлының қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
-
10.08.2026
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай
«Ескендір» поэмасының оқылымы өтті.
Тағы фестиваль! Тағы да ең үздік!
2013 жылдың 5-7 қараша аралығында Тараз қаласында «Тұңғышбай Аль-Тарази Таразға шақырады» атты актерлік өнердің I театр фестивалі болып өтті. Бұл фестивальдің ерекшелігі – идеясы мен тапсырмасы актерлік өнерді көпшілікке тарату, үздік актерлік еңбектер қатарын анықтау, актерлік кәсіптің мәртебесін арттыру болып табылады. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, аталмыш іс-шара жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда. Санаулы жылдарда бұл фестиваль халықаралық болатыны жоққа шығарылмайды.
Фестивальға Қазақстанның он театры қатысты, солардың ішінде: Ақтау, Шымкент, Арқалық, Семей, Ақтөбе, Тараз және Көкшетау театрлары. Үш күннің ішінде 11 спектакль көрермен назарына ұсынылды. Шахмет Құсайынов атындағы театр И. Лаузундтың пьесасы бойынша «Офис» спектаклін ұсынды. Бұл – жас режиссер Фархадбек Қанафиннің үздік еңбектерінің бірі. Спектакль қазылар алқасының жоғарғы бағасын алды. Қазылар алқасының бірі Нұрлан Асанбековтың (Бішкек, Қырғызстан) айтуы бойынша, спектакльде «...батыл, өрескел жастарды көрдім... бұл бүгінгі күннің ырғағы... қазіргі уақыттың ағымы... ». Театр актерлары: Айна Жүнісова, Медет Хамзин, Дархан Касенов, Ризат Қылышбаева, Еркін Тасбулатов «Үздік актерлік ансамбль» номинациясын жеңіп алды! Жарайсыңдар! Құттықтаймыз!!!