жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Театр артисі Қайрат Мырзаболатовтың бенефисi
2013 жылдың 27 қазанында сағат 17.00-де театр әртісі, «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері Қайрат Мырзаболатовтың бенефисі аталып өтпек. Актёр режиссер Болат Абдрахмановтың қойылымындағы Эрик Элис пен Роджер Риистің пьесасы бойынша «1 000 000, немесе Zero» романтикалық триллерінде басты рольді сомдайды. Қойылымның суретшісі – Кира Петрова (Ресей, Санкт-Петербург қаласы). Спектакль әртістің екі атаулы күніне орай қойылады: шығармашылығының 25 жылдығы және 50 жылдық мерейтой. Спектакльдегі серіктесі, екінші басты рольдің кейіпкері – өмірлік жолдасы, жан жары Жанар Құсайынова. Аталмыш мерейтойға Қазақстанның басқа театрларынан келген әріптестері, әртістің табынушылары, достары мен туысқандары шақырылды. Мерейтой иесін шын жүректен құттықтаймыз!