жаналыктар
-
30.09.2026
Репертуар!
Қазан айының
-
30.09.2026
Репертуар!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар
-
23.09.2026
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының XXX театр маусымының ашылуы
8 қазан күні Мар Байжиевтің «ОН ЕКІНШІ КҮН» қойылымымен ашылады!
-
15.09.2026
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Красный Яр ауылында
Төлен Әбдіктің «Өтелмеген парыз» қойылымы ұсынылды
Алматы қаласына гастроль сапары
2015 жылдың қазан айының 26-28 аралығы Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен гастрольдік сапары сәтті өтті. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Сәкен сері Жүнісовтің «Абылай» тарихи толғауы, отбасы құндылығы мен Ана тақырыбын тереңінен толғайтын Шариф Хусаиновтың «Анамның ақ көйлегі» драмасы және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің өмірі туралы Ерсайын Төлеубайдың «Алдаспан» драмасы Алматы қаласы көрермендерінің назарына ұсынылды. Барлық қойылым аншлагпен өтті.Алматы көремендері әртістердің ойындарын және театрдың гастрольдік репертуарын жоғары бағалады. «Алдаспан» қойылымы Жұмабек Тәшеневтің жақын туысқандарына, жоғары буын өкілдеріне және Тәшеневті жақсы танитын интеллегент қауымға жақсы әсер берді. Әртістер басты кейіпкерлердің азаматтық және саяси позициясын, мінез-құлықтарын, Совет үкіметі кезеңін нақты көрсете білді. Театр әртістеріне көрермендер зор алғыстарын білдірді.