жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

"Көк - Түріктер"

драма Премьера! "Көк - Түріктер"

"Көк - Түріктер" (драма)

 

Өткізу күні: 2023 ж. 10 мамыр

Өткізу уақыты: Сағат 18:30

Өтетін орны: Ақмола облысы,

 Көкшетау қаласы,

 Ш.Құсайынов атындағы  облыстық

 қазақ музыкалық-драма театры

 

        Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық - драма театрында 10 мамыр күні  Б.Вахапзаденің «КӨК -ТҮРІКТЕР» драмасының премьерасы өтеді.

  Спектакльдің басталуы: 18.30

  Қоюшы режиссері:  Султан Сраилов

  Қоюшы суретшісі: Қанат Мақсут

  Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 30 мин.

 

       Қойылымның премьерасына қаланың және облыстың қоғам қайраткерлері, БАҚ қызметкерлері, Көкшетау қаласының қонақтары мен тұрғындары шақырылады.

  

«Көк –Түріктер» қойылымы заманымыздың 630 жылы Қытай жеңіліске ұшыратқан,  Көк –Түрік қағанатының ұлттық күресін суреттей отырып, бүгінгі заман тынысымен  үндестікте өрбиді.  Өткен заманда бабаларымыз қолына қару алып шайқасқан болса бүгінгі соғыс көзге көрінбейтін ақпарат майданы екенін аңдатады. Спектакльден бақ таластық пен тақ таластықтың ел мен жерге тигізер зор кесапатын, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық пен сатқындықтың кесірін ұғынасыз.    Қойылым Түркі жұртына ортақ құндылықтарды дәріптей отырып береке-бірлікте болуға меңзейді.

 

Іс-шараның мақсаты:  Театр өнерін дәріптеу, көрерменге рухани нәр беру. Түп тамырымызға үңіліп Ұлы түркі жұртын бірлікке шақыру. Ата-баба аманатын бүгінгі ұрпаққа жеткізу.

 

Спикерлер туралы ақпарат:

 

Сұлтан Сраилов «Құрмет» орденінің иегері, қоюшы режиссер

 

Манарбек Қыдырбайұлы Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері , Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі.