жаналыктар
-
30.06.2026
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын тағайындауға байқау жарияланды.
Талантты жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалады.
-
18.06.2026
"Адалдық өзіңнен басталады" жобасы
"Тендерге түскен келіншек" драмасы, авторы М.Сарсекеев, қоюшы-режиссері:О.Кенебаев
-
17.06.2026
«Жан жылуы» атты қайырымдылық концерттік бағдарлама
Щучинск қаласында,
-
17.06.2026
Гастрольдік сапар Бурабай ауданы Щучинск қаласы
"Өтелмеген парыз" драмасы Авторы:Т.Әбдік, қоюшы-режиссері:Б.Шамбетов
"Қораптағы қоқыс"
драма Премьера!
«Қораптағы қоқыс» драма
Автор: Жабал Ерғалиев
Қоюшы режиссеры: Жарас Қалдаров
Ойнап жүріп от басып опық жеген Камиланың тағдыр жолы арқылы өрбитін оқиға тізбегі кім-кімді болмасын толғандырмай қоймайды. Албырттықпен алданып өз сәбиін балалар үйіне тапсырған ол, өз әрекетіне кейін қатты өкінеді. Өзегін өртеген өкініш азабымен жүріп сәбиін қайта алуға барғанда оны шетелдіктер асырап алғанын естіп есеңгірейді. Байлығымен малданып, шалқып тасыған, ойсыз, ысырапшыл кәсіпкер Дәленмен арасын суытып мына дүниеден баз кешіп кетпекке бекінеді... Серіктерімен бірге қоқыс аралап күн көруді бастаған Камила құдайдың құдыретімен қоқысқа тасталған жаңа туған сәби тауып алады... Бұл шақалақ Камиланың өмірін жаңа арнаға бұрып өміріне шуақ силайды. Шытырманға толы қойылым қоғамның ащы шындығын айшықтайды. Адамдықтан безген тасжүрек қоғамнын бет бейнесін айна қатесіз көз алдыңызға әкеледі.