жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

«Шыңғыс Хан» ДРАМАСЫ

Автор: Елена Баранчикова Қоюшы режиссері: Мұратбек Оспанов ҚР Еңбек сіңірген қайраткері «Шыңғыс Хан»  ДРАМАСЫ

 Елдегі пандемияның асқынуына байланысты Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 12  сәуір күні оффлайн түрде ойналуы тиіс "Шыңғыс Хан" драмасы онлайн түрде ұсынылуда.

 

Орнаған келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз!

Ұлы қаған өмірінен сыр шертетін драманың авторы Елена Баранчикова;
Қазақ тіліне аударған — Серік Жетпісқалиев;
Қоюшы режиссері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов;

Қоюшы суретшісі – Маймұра Топанбаева

Биін қоюшы – Ғазиза Ашимова

Музыкамен көркемдеген – Медет Мұхамедин

Жарық беруші – Қанат Әкімбаев

Қойылымның жанры: Драма

Қойылымның ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Жер жаһанды жаулап, күллі әлемді тітіреткен ұлы қаған, Шыңғыс ханның өмірі мен өлімі мәңгілік таусылмас аңыз...

     Оның тікелей қолдаушысы мен жарылқап жебеушісі Көк Тәңірі еді.Ол Қайда жорық жасаса да жеңістің жаршысындай болып бір шөкім ақша бұлт қақ төбесінде қалықтап жүреді-мыс. Бұл бұлт жәй бұлт емес Көк Тәңірінің Шыңғыс ханға ауған ерекше ілтипаты мен қолдауының белгісі-еді.

       Бірақ пендешілікке бой алдырып шектен шыққан Шыңғыс хан Көк Тәңірінің ерекше ықыласы саналған ақша бұлтты сақтап қала алмады. Ол – жер бетінде теңдессіз ұлы істер тындырғанда қолдаған Көк Тәңірі, енді сол пендесі табиғат заңына қарсы шығып, адам баласына қисынсыз кінә тағып өлім жазасына кескенде теріс айналады.

       Шыңғыс ханның қатал заңдары көп еді. Соның бірі қол астындағыларға  жорықта жүріп сәби дүниеге әкелуге тиым салуы. Сол тиымды бұзған жүз басы Ердене мен Догулангты әділетсіз өлім жазасына кескенде Көк Тәңірі Шыңғыс ханнан теріс айналып , үнемі төбесінде қалықтап жүретін ақша бұлт ғайып болады.

        Мөлдір махаббат пен ұрпақ өрбітуді  бәрінен биік қойып, нақақтан көз жұмған Ердене мен Догулангтың баласын бауырына басқан мейірімді күң  еш панасыз Алтын ,  ен далада қалады.  Ұшы-қиыры жоқ жапанда шырылдаған жетім сәбимен тентіреп жүрген күң Алтынға  Көк Тәңірінің назары ауады.  Ұлы жорықшының төбесінде жүзген ақ бұлт ендді жетім сәби мен Алтын күңнің төбесінде қалықтайды...