жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

Отбасылық құпия

комедия Отбасылық құпия

Авторы – Иззат Султанов

Қазақ тіліне аударған – Серік Жетпісқалиев

Қоюшы режиссері – Булат Абдрахманов

Қоюшы суретшісі – Айдана Бисембаева

Киім үлгісінің суретшісі  – Маймұра Топанбаева

Биін қоюшы – Сания Ташимова

Премьера – 9 сәуір 2017 жыл

 

Басты кейіпкерлер мен орындаушылар:

Әкесі – актёр Кайрат Мурзабулатов, "Мәдениет қайраткері" төс белгісінің иегері

Шешесі – актриса Жанар Кусаинова, "Мәдениет қайраткері" төс белгісінің иегері

Ұлы – актёр Еркебұлан Төлеуов

Келін – актриса Ғалия Қорабаева

Қызы – актриса Гульнур Кожанова

Күйеу жігіт – актёр Асланбек Шайсултанов

Нарбаевтар, көршілер – актриса Әсем Серікова, актёр Ержан Әубәкіров

 

 «Отбасылық құпия» бұл бір отбасында анасы мен келіні арасындағы дау-дамайды көрсететін  қызықты да, тартымды уақиға. Дау-дамайдың себебі  -үйде кім басты? Билік кімнің қолында? Кімнің сөзі ақырғы және шешуші. Бірақ бұл қарым –қатынас тек ұрыс-керістермен шектелсе ғой...Тағдырдың қалауымен  отбасының қызына ғашық болған келіннің ағасына  осы жағдай кедергісін тигізеді. Анасы екі жастың қосылуына қарсы болады. 

    Тапқыр да,  ақылды  әке , баласы мен болашақ күйеу баласының көмегімен жанжалдасқан екі жақты татуластырудың жоспарын ойлап табады. Келіні, содан соң анасы «Бітімгершілік үйіне» бет алады, онда данагөй  ұстаз екі жаққа бір-бірінен у арқылы  құтылуды ұсынады. Бұл үйге барудың қорытындысы қандай болмақ? Келіннің ағасы отбасының қызына үйлене ме екен?

    Қазіргі заманғы қоғамға бұл қойылымда  көрсетілітін тақырып пен жағдай, яғни ана мен келіннің арасындағы қарым –қатынас өте таныс. Ұрыс –керіс пен   келісе алмаушылыққа  қарамастан, спектакль бізге ата-анаға деген махаббат пен  құрметті, өзара ізгі-ниеттілікті көрсетеді. Спектакльдің режиссеры сахна арқылы  қоғамға ұмытуға жақын  құндылық – отбасы және отбасындағы берік қарым –қатынас туралы айтады.

  Жеңіл және әсерлі де, көркем қойылым шілтер тәрізді тоқылған бимен, әнмен, әзілмен және күлкілі көріністермен  таң қалдырады.