жаналыктар
-
03.11.2026
ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ!
Сүйінші!
-
27.10.2026
Репертуар!
Қараша айының
-
27.10.2026
Репертуар!
Performances for children and teenagers of the month of November
-
22.10.2026
БАҚ НАЗАРЫНДА!
Халық әртісі Жібек Бағысова жайлы жазушы-драматург Жабал Ерғалиұлының терең толғамын "Арқа ажары" газетінен оқи аласыздар
"ХАНУМА" комедиясы көрерменмен қайта қауышты
2021 жылы сахналанып, карантинге байланысты премьерасы ONLINE түрде ғана болып, көрермен назарынан тыс қалып келген А.Цагарелидің "Ханума" музыкалық - комедиясы театр репертуарына қайта қосылғанын қуана хабарлаймыз.
Көрерменнің көптен күткен сүйікті қойылымынының OFFLINE премьерасы 2023 жылдың 26 қазан күні.
Режиссері: Б. Абдрахманов
Басталуы: 18:30
Тифлистің ауқатты көпесі ақсүйектермен құдаласуды армандайды. Бар ойы – сол арқылы мәртебесін асыру. Мақсатына жету үшін өрімдей қызын кәрі князьге күйеуге бермек. Князьдің кедейленіп қалғаны да кедергі емес, оның атақ-абыройының биіктігі, дәрежесі маңызды болды. Ал көпестің 18 жасар қызы Сона болса князьдің жас әрі өнерлі бауырына ғашық. Оқиға кәрі князьді үйлендіруге жанын салып, бас құдалыққа таласқан жеңгетайлар Кабато мен Хануманың арасындағы тартыспен өрбиді. Кабато жеңгетай князь бен жас сұлу Сонаны қоспақ. Ал Ханума тапқан қалыңдықтың жасы қырыққа таяғанымен мал-мүлкі мол. Кейіпкерлер арасындағы қым-қиғаш қатынастар грузиннің әуезді ән-билерімен өрбіп, оқиға ширатыла түседі. Соңында әркім өзіне тиесіліні алады.