жаналыктар
-
12.02.2026
Театрымыздың администраторы Кеңшілік Рысбайқызы
Өнердегі өмір жолы жайлы "БҰҚПА!" газетінде мақала
-
10.02.2026
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
«АЛТЫН ҚАҚПА» Комедия, авторы:Е.Уахитов, қоюшы-режиссер: М.Оспанов ҚР "Еңбек сіңірген қайраткері"
-
09.02.2026
Мұзбалақ , жыршы Мұғали Мақатаевтың туған күні!
Қазақ поэзиясының Символы!
-
27.01.2026
Гастрольдік сапар
Ақмола облысы Зеренді ауданы
12.10.2023
ХАЛЫҚ АРТИСІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қазақстанның халық артисі Жібек Бағысованың сахнада жүргеніне 65 жыл толуына орай бүгін тағы бір мәрте "Алло, мама..." драмасы көрермен назарына ұсынылды. (Авторы Барзу Абдураззаков, қоюшы режиссері Тасқын Мажитов).
Өмірін өнермен өрнектеген ақ самайлы актрисаның ойын өрнегі көрермен көңілін толқытты. Сахна сәніне айналып, сексеннің сеңгіріне шыққан дара талантқа деген халықтың ыстық ықыласы шексіз екені байқалды.
Бүгінгі қойылымда Жібек апаның туған топырағы Біржан сал және Бұланды аудандарынан арнайы келген көрермендердің де қарасы көп болды. Шара соңында Біржан сал, Бұланды аудандарының әкімдігі атынан арнайы келген өкілдері құттықтау сөз сөйлеп Жібек Бағысоваға құрмет көрсетіп, оқалы шапан жауып, ат міңгізді.


