жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
20.03.2023

КӨКШЕТАУДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

Қымбатты Көкшетаулықтар және қала қонақтары!

Көкшетауда тұңғыш рет, 27-31 наурыз аралығында Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойы аясында, халықаралық театр күніне орай "Сәлем" халықаралық комедиялық театр фестивалі өтетінін хабарлаймыз!

Театр додасында Қазақстандық және шетелдік театрлар 9 аталым бойынша бақ сынайды.

27 наурыз күні сағат 19.00 - де Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры»
«Пранк-Махаббат» комедиясын ұсынады
Авторы: Қанат Жүнісов
Режиссері: Дәурен Серғазин;

28 наурыз күні сағат 11.00 - де Өзбекстан Республикасының мемлекеттік әскери "Тұран" театры
«Тилло табассумлар» комедиясын ұсынады
Авторы: Абдуллы Кадырий
Қойылым режиссері: Мелиев Сайфиддин Сайриддинович;

28 наурыз күні сағат 19.00 - де Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры
"Сұлтанның аты сұлтан" комедиясын ұсынады
Авторы: Саадала Ваннус
Қойылым режиссері: Барзу Абдураззаков;

29 наурыз күні сағат 11.00 - де Токтоболот Абдумомынов атындағы Қырғыз Мемлекеттік академиялық театры
«Алда жаш жубайлар, ай» комедиясын ұсынады
Авторы: Мухамедкалый Касенов
Қойылым режиссері: Эркин Эгембердиев;

29 наурыз күні сағат 19.00 - де Шымкент қалалық әзіл- сықақ және сатира театры
«Айман-Шолпан» комедиясын ұсынады
Авторы: Мұхтар Әуезов
Қойылым режиссері: Мақсат Айтжанұлы;

30 наурыз күні сағат 11.00 - де Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры
«Турандот ханшайым» комедиясын ұсынады
Авторы: Карло Гоцци
Қоюшы режиссері: Қуандық Қасымов;

30 наурыз күні сағат 19.00 - де Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театры
«Венециялық егіздер» комедиясын ұсынады
Авторы: Карло Гольдони
Қоюшы режиссері: Баатырбек Шамбетов

31 наурыз күні сағат 11.00 - де Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры
«Қазақы комедия» комедиясын ұсынады
Авторы және қоюшы режиссері:
Болат Ұзақов

31 наурыз күні сағат 17.00 - де «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры»
«Чарли Чаплин» трагикомедиясын ұсынады
Авторы және қоюшы режиссері:Николай Балобан

Театр мерекесінің құрметті қонағы болыңыздар мәртебелі көрермен!