жаналыктар
-
14.11.2023
ШАХАҢ ТЕАТРЫ АТЫРАУДА!
ШАХАҢ ТЕАТРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСАДЫ
-
13.11.2023
"ҮЗДІК ЕР АДАМ БЕЙНЕСІ" номинациясымен марапатталды
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
-
03.11.2023
ШАХАҢ ТЕАТРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСАДЫ
ШАХАҢ ТЕАТРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСАДЫ
-
26.10.2023
"ХАНУМА" комедиясы көрерменмен қайта қауышты
ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!




Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХІ республикалық фестивалі
23-29 қыркүйек аралығында театр ұжымы И. Ғайыптың «Хан-Абылай» тарихи драмасымен Ақтөбе қаласында өткен Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХІ республикалық фестиваліне қатысып қайтты. Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен 10 театр қатысты.
Әуелде Абылай ханның 300 жылдығына орай қойылған И.Ғайыптың «Хан-Абылай» тарихи драмасымен театр ұжымының Ақтөбе өңірінде өнер көрсетуі сәтті өтті.
Қойылымды қазылар алқасы мен Ақтөбе көрермендері ыстық ықыласпен қабылдады. Қойылымнан кейін жергілікті БАҚ өкілдері спектакль жайында ақпаратты кеңінен таратты.
Осы аталмыш фестивальде театр ұжымы «Тарихи тақырыпты сәтті игергені үшін» номинациясына ие болды.