жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

Ғалия Қорабаева

екінші санатты драма әртісі

Қорабаева Ғалия Қанатқызы  2006 жылы Көкшетау қаласындағы Ақан Сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжін актерлік бөлімін бітіріп, (А. Оспанованың шеберханасы) Көкшетау қаласындағы Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрына драма актрисасы болып қызметке орналасты. Сахнада өзін еркін ұстай білуімен қатар, әдемі даусы және әсем пластикасы, әрі образға ене білу қасиетімен өзін алғыр, дарынды актриса екенін көрсете білді. Кейіпкерлер дүниесін терең игеріп, ұшқыр қиялын орынды пайдаланып қатарластарынан оза біліп, тәжірибелі актерлармен иық теңестіре алды. Классикалық кесек бейнелерді сомдауға кабілеті мол алымды актриса.

Ойнаған рольдері:

* Б.Мұқай «Тағдыр» драмасында- Даная;

* Т.Жүженоглу «Қар көшкіні» драмасында – қыз;

* С .Балғабаев «Жымбала, Мико және қасқыр» ертегісінде – Мысық;

* Ш.Хусайынов «Анамың ақ көйлегі» драмасында -   Сағыныш;

* С.Жүнісов «Абылай» драмасында – Қарлығаш;

* Ө.Боранбаев,Ж.Қамбаров «Сиқырлы сыбызғы» ертегісінде - Ханшайым;

* А.Линдгрен «Балақай және Карлсон» ертегісінде Астрид;

* «Бала Куай және жолбарыс» ертегісінде- Күн;

* Б.Соқпақбаев « Менің атым Қожа» хиқаятында – Жанар;

•Т.Ахтанов «Күшік күйеу» комедиясында - Ботка;
•М.Ахманов, М. Томанов «Екі дос немесе делдар қарға» ертегі-комедиясында  - Қарға;
•И.Сапарбай «Сыған серенадасы»музыкалық драмасында -  Сағыныш;
•«Су асты әлемінің ханшайымы» ертегісі – Русалка;
•«Құпия сөз» ертегісінде –  Жезтырнақ;
• Е.  Елубаев  «Әтеш күрке салғанда» ертегісінде – Мекиен;
• М.Варфоломеев «Томпақ қонжық» ертегісінде – Мальвина;
•Т.Қажыбайдың «Ар және ақша» драмасында- Талғат;
• С.Раев «О,қыздар» драмасында – Зейне;
•А. Наймантаев «Жоғалған каникул» ертегісінде-  Сауысқан;
•«Мың бір түн» ертегісінде  - Шахерезада;
•«Қасқыр және жеті лақ» ертегісінде - төртінші лақ.