жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

Самат ШӘЙМЕРДЕНОВ

бірінші санатты драма әртісі

Шаймерденов Самат Каирбекұлы  2006 жылы Көкшетау қаласындағы Ақан Сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің актерлік бөлімін бітіріп, (А. Оспанованың шеберханасы) Көкшетау қаласындағы Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрына драма актері болып қызметке орналасты. Ол сымбатты  дене тұлғасына сай әуезді даусы мен анық дикциясы және кейіпкер қалыбына ене білу қасиетімен режиссерлер көңілінен шыға біліп, берілген рольдерді жан-жақты іздену арқылы аша біледі. Жас болса да бір қатар спектакльдерде басты, негізгі кейіпкерлерді ойнап келеді. Болашақта классикалық бейнелерді сомдайтындай мүмкіндігі мол актер.

Ойнаған рольдері:

 1. Ш.Хусайынов «Анамың ақ көйлегі»  

                   драмасында – Альфред;

 2. Ө.Боранбаев, Ж.Қамбаров « Сиқырлы

                  сыбызғы» ертегісінде – Патша;

3. Қ.Қалқатаев «Буратиноның жаңа хикаялары»

                  ертегісінде – Артемон;

4. Ә. Оразбеков «Бір түп алма ағашы»

                  драмасында –  Мақсат;

5. С .Балғабаев «Жымбала Мико және қасқыр» 

                  ертегісінде – Тузик;

6. А.Исмайылов «Алдар көсе»

                  ертегісінде – Сайтан;

7. «Бала Куай және жолбарыс» ертегісінде – Піл;

8. Б.Соқпақбаев « Менің атым Қожа» - Жантас;

9. С. Маршак «Үйшік немесе НЛО»

                 ертегісінде – Қасқыр;

10. «Су асты әлемінің ханшайымы»

                 ертегісінде – патша Тритон;

11. Е.  Елубаев  «Әтеш күрке салғанда»

                     ертегісінде – Көрші қораз;

12. М.Варфоломеев «Томпақ қонжық»

                     ертегісінде – Ақтабан;

13. Т.Қажыбайдың  «Ар және ақша»

                     драмасында- Талғат;

14. Т.Жүженоглу «Қар көшкіні»

                     драмасында – Жігіт;

15. А. Наймантаев «Жоғалған каникул»

                     ертегісінде –  Тазша бала;

16. «Мын бір түн» ертегісінде –

                    Шахрабаз Халифа;

17. «Жеті лақ» ертегісінде – үшінші лақ.

18. «Империядағы кеш» - Фараби

19. «Хан-Абылай» - Әмір Сана т.б.