жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

Маржан БӨКЕШОВА

жоғары санатты драма әртісі

Бөкешова Маржан Арыстанбекқызы 2003 жылы Ақан Сері атындағы Мәдениет колледжін бітіріп, Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрына драма актері ретінде қабылданды. 2008 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін  сырттай бөлімін бітіріп, жоғары кәсіптік білім алды. Табиғатынан өнерге бейім, жұмысына тиянақты, кішіпейіл  де ибалы мінезімен ұжыммен тез тіл табысып кетті. Ол кез-келген рөлін психологиялық және эмоциялық тұрғыда өте шебер сомдайды. Автор мен режиссердің айтар ойын терең түсініп, шынайы сахна шебері ретінде жоғарғы дәрежеде жүзеге асыратын қабілетті актриса. Театрдың 10 жылдығына берілген КР Мәдениет және акпарат министрлігінің «Құрмет» грамотасының және Облыс әкімшілігінің алғыс хаттарының иегері. Болашақ сахна майталманы ретінде үлкен үміт артатын актрисамыз болып табылады.

Ойнаған рольдері:

•Б.Әлімжанов «Құдалық»- қыз
•С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» -          келін
•О.Бөкей «Атау кере» - Айна
•Ш.Ыдырысұлы «Ағнұр» - Бота
•С.Жүнісов «Абылай» - Күләйім
•С.Балғабаев «Ғашықтар болмайтын ғасыр» - Нәзіккеш
•Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» -          Зейнеп
•Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» -               Мәншүк
•Ж.Ерғалиев «Бұлтты түнгі толған ай» -           І-ші әйел
• Б.Мұқай «Тағдыр» - Айсұлу
• Ж.Мусин «Балқадиша»  -   Балқадиша                                 
• И.Сапарбай «Махаббат мейрамы» - Сағыныш
• Бошбеков «Темір қатын» - Салтанат
• «Алпамыс» - Гүлбаршын
• Қ.Қалқатаев «Буратиноның жаңа-жылдық хикаялары» -  Тауық
•Б.Ұзақов «Үміт» - Валя (сатушы)
• Л.Беристайн «Вестсайд оқиғасы» - Консуэлло
•Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» - Майқанова
• «Ер – Төстік» - Елік
• Ш.Хусайнов «Анамның ақ көйлегі» - Гүлшара
• Т.Қажыбай «Ар және ақша» - Айым
• Т.Жүженоғлы «Қар көшкі - Кіндік шеше
• М.Варфоломеев «Томпақ қонжық» ертегісі -    Қонжық
• С.Раев «О. Қыздар!» - Флюра