жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

Төлеубек КӨҢБАЙ

жоғары санатты драма әртісі, ҚР “Мәдениет қайраткері” белгісінің иегері

Қөңбай Төлеубек Монғол халық республикасының Баян Өлгей аймағында 1974 жылы ақпанның 24-де туған. Көңбай Төлеубек  1996 жылы театрға келгенге дейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітіріп, жолдамамен барып Арқалық театрында бір маусым қызмет істеп Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрына келген болатын. Ақкөңіл, кең пейілділігі  мен еңбекқорлығы арқасында ұжымға бірден сіңісіп кетті.  Кез келген режиссерлердің талабына сай, жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істей алатындығын танытып келеді.  Таптаурындылыққа ұрынбай рольмен жұмыс істеу тәсілін әркез жаңартып отыруды әдетке айналдырған. Тапсырылған әр ролімен  жұмыс барысында суырып салмалық қасиеті, сөйлеу мәдениеті ерекше  көзге түседі.  Комедиялық жанрда да, трагедиялық қойылымдарда да образдарын ашу жолында көп ізденіп, образдың сыртқы мінез-құлқын, түрлі дәлелдемелер табуда шеберлік танытып жүрген актер. Көркем бейненің фактурасына жіті көңіл бөледі және сөз саптау, дауыс ырғағын іздеу арқылы образды ашуға көп күш салатын актер. Ол сахнада сомдаған әр образ өзіндік қайталанбас қолтаңбасымен өріліп жатады. Жалған пафостан гөрі актер өмірдегі, көркем образдағы шынайылыққа ұмтылады.

Т.Көңбайдың Шарышы («Абылай» тарихи толғауында), Мылқауы («Ақан сері Ақтоқты») Алтайы («Ең әдемі келіншек»), Мақсұты («Анамның ақ көйлегінде») бір-біріне ұқсамайтын мінез-құлқымен, тағдыр-тартысымен ерекшеленіп, көрермендер мен театр сыншылары тарапынан жақсы лебізге бөленіп жүрген талант иесі.

       2000 жылғы  «Шабыт» фестивалінің  лауреаты. Сүйікті әке,  адал жар, қайырымды адам ретінде танылған сыйлы азамат. 2006 жылы наурыз айында Мәдениет қайраткері белгісіне ие болды.

Көптеген концерттік бағдарламардың  қоюшы-режиссері.

Ойнаған рольдері:

• «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» - Қодар
• «Құдалық» - Дөкей
• «Үкілі Ыбырай» - Сандыбай
• «Қожанасыр» - Бай
• «Алдар Көсе» - Шораяқ
• «Біржан сал»  - Мұса
• «Ақан сері- Ақтоқты» - Мылқау
• «Келіндер көтерілісі» - Асқар
• «Қорқақ көжек» - Бөлтірік
• «Он екі ай» - Қарт солдат, Жас солдат
• «Ревизор» - Земляника
• «Король Лир» - Граф Кент
• «Сергелдең болған серілер» - Нұрбай
• «Ғасырдан да ұзақ күн» - Еділбай
• «Отыз тістен шыққан сөз» - Шегей
• «Вестсайд оқиғасы» - Шренк
• «Ғашықтар болмайтын ғасыр» - Қайырбай
• «Үйлену» - Яйчница
• «Хан-Абылай» - Қалдан Серен
• «Абылай» - Шарыш
• «Ең әдемі келіншек» - Алтай
• «Бір түп алма ағашы» - Әмір
• «Анамның ақ көйлегі»  - Максұт
• «Махамбет» - Жәңгір
• Дж. Стейнбектің «Адамдар мен тышқандар» драмасында - Ленни
• «Қар көшкіні» -  төраға
• «Хан Абылай» - Қалдан Церен