жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?

Жан шырылы

Драма Жан шырылы

Авторы – Жабал Ерғалиев

Қоюшы режиссёрі – Мұратбек Оспанов

Суретшісі – Ибрагим Исенов

Киім үлгілерінің суретшісі – Ляйля Набиева

Жанры – драма

Қойылым ұзақтығы – 1 сағат  20 минут

Премьера – 05.11.2014.

 

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Кәрім Қайрат Мырзаболатов                             

Рәзия  Жанар Құсайынова                       

Гүлнұр  Маржан Бөкешова

Асқар  Ержан Әубәкіров

ЖанатАсылбек Тәшімов

Жәния – Баршагүл Малғаждарова

Жанар  Мадина Өсербаева

Жұман  Ерқанат Сәбитов

Абдурахман ибн ХалидЖарас Қалдаров

Шейх РамазанТөлеубек Көңбай

ОразЗүлкәпіл Батихан

АянБағлан Иманғазинов                    

НұрбекСамат Шәймерденов

Бірінші содырЕркін Тасболатов

Екінші содырАсланбек Шайсұлтанов

Үшінші содырЕркебұлан Тулеуов

 

     Рухани жан-дүниенің, діни наным-сенімнің қазанының қақпағы қисая жабылғаннан бері қауіп те көбейді. Атқан таң мен батқан күндей жақсылық пен жамандық бір-бірімен жағаласа жұлқысып жатқан жайы бар. Жан шырылы- ел ішіне дендеп болмаса да, ендеп еніп келе жатқан жат діндердің уытына уланған адамдардың қайғы-қасіреті. Солардың ата-аналарының перзент үшін күйінген, бауыр еті баласы үшін қайғының уын ішкен сәтіндегі ғазиз жандарының өзектерін өртеген өкініші.

Қос қақпаның арасынан жол таппай аңырған, жөн таппай аңыраған, көкірегіне тұз сеуіп жібергендей күйзелген, шыбын жаны шырқыраған жанның шырылы. Мұншалық ауыр, мұншалық ащы болар ма?!

Тығырықтан шығар жол қайда? Қаупі мол, қатері көп асудан өтіп, бақытқа бастар, имандылыққа ұйытар жазиралы өлкеге жол түсірер өткелден қайтып өтпекпіз? Сансыз сауалдар сананы сегізге, ойды онға бөлген уақытта жауап іздесеңіз жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтің «Жан шырылы» драмасына келіңіздер.