жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
01.06.2023

КЕЗЕКТІ ТЕАТР МАУСЫМЫ ЖАБЫЛДЫ

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры 31 мамыр күні кезекті  XXVI театр маусымын Б.Вахапзаденің "Көк — Түріктер" драмасымен жапты (реж.Сұлтан Сраилов).

Кезекті  театр  маусымының жабылуына орай, қызметкерлерді ынталандыру мақсатында,  театр тарихында есімі ерекше құрметке ие тұлғалар атындағы арнайы театрішілік сыйақылар тағайындалып, белсенді қызметкерлеге табысталды.
Жазушы-драматург Шахмет Құсайынов атындағы сыйлықпен әуен бөлімінің меңгерушісі Медет Мухаммедин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері режиссер Жақып Омаров атындағы сыйлықпен театр актеры Асланбек Шайсұлтанов, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, суретші Мұрат Мақсұтов атындағы сыйлықпен киім суретшісі Маймұра Топанбаева, Халық артисі Жібек Бағысова атындағы сыйлықпен шебер  - бутафория бөлім меңгерушісі  Жұпар Әбішева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов атындағы сыйлықпен гримм бөлім меңгерушісі Айна Баймуратова,
Театр педагогы,  білім беру ісінің үздігі,  марқұм Айжан Бәдірқызы атындағы сыйлықпен театр актрисасы "Мәдениет саласының үздігі" Маржан Букешова, театр басшылығы атынан арнайы сыйақымен тігінші Ольга Қасенова, еден тазалаушы Жанар Садықова, сахна технигі Асқар Шабаров, шебер-бутафор Серік Тұхбай марапатталды.

Сондай-ақ театр маусымының жабылуына орай Мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы  арнайы қатысып басқарма атынан театр артистері Мақпал Сүлейменоваға,  Үмітжан Ахметке, Диас Шәріпке алғыс хаттар табыс етті.

XXVI театр маусымында көптеген жобалар жүзеге асып іргелі істер атқарылды. Ересектерге арналған ірі үш қойылымның тусауы кесілді. Олар – Вина Дельмардың "Өмір деген осы ма?" драмасы, қоюшы режиссері Сафуан Шаймерденов, әлемдік классик У.Шекспирдің "Отелло" трагедиясы, қоюшы режиссері Қуандық Қасымов, Бахтияр Вахапзаденің "Көк  – Түріктер" драмасы. Жаңа жыл,  наурыз мерекелеріне орай концерттік қойылымдар дайындалды.  Ал, балалар мен жасөспірімдерге арнап, "Балапан қаз", (реж. Серікбай Мақұлбеков) , "Ару мен Ханзада", "Бәрінен күшті қорқақ Көжек " ертегілері сахналанды (режиссері Аян Алимбаев.)

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма теары XXVI театр маусымында  қойылымдар ғана сахналап қоймай түрлі ауқымды шараларды жүзеге асырды.  Балаларға арнап театр ішінен "ҚУЫРШАҚ" театры ашылды, жазушы-драматург Жабал Ерғалиевтың 70 жас мерейтойына орай республикалық театр фестивалін өткізді.  Ақын-жазушы, драматург Төлеген Қажыбайдың 80 жылдық еске алу кешіне орай қаламгер шығармаларынан құралған "Қалдырған" әдеби - музыкалық қойылымы сахналанды.

Халықаралық театр күніне орай Көкшетауда тұңғыш рет "Сәлем " халықаралық комедиялық қойылымдар фестивалі ұйымдастырылды.  
Кезекті театр маусымы жабылғанымен театр өз жұмысын тоқтатпайды.  Алдағы бір ай бойы алыс  - жақын қалалар мен аудандарға гастролдік сапармен барып шалғайдағы көрерменмен қауышатын болады.


Манарбек Қыдырбай
Әдебиет бөлім меңгерушісі