жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
01.04.2023

Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Халықаралық

Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Халықаралық "Сәлем" комедиялық қойылымдар байқауы мәресіне жетті! Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Театр ұжымдары төмендегідей номинациялармен марапатталды:


"Үздік дебют" номинациясымен -  Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры»
«Пранк-Махаббат» комедиясындағы  Қымбат рөлі үшін — Лаззат Қуанышова марапатталды
Авторы: Қанат Жүнісов
Режиссері:
Дәурен Серғазин;


"Үздік сценография" номинациясысымен Өзбекстан Республикасының мемлекеттік әскери "Тұран" театры марапатталды.
«Тилло табассумлар» комедиясы
Авторы: Абдуллы Кадырий
Қойылым режиссері:
Мелиев Сайфиддин Сайриддинович;


"Үздік актерлық ансамбль" номинациясымен Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры марапатталды
"Сұлтанның аты сұлтан" комедиясы марапатталды.
Авторы: Саадала Ваннус
Қойылым режиссері:
Барзу Абдураззаков;

"Үздік эпизодтық роль" номинациясымен Токтоболот Абдумомынов атындағы Қырғыз Мемлекеттік академиялық театры
«Алда жаш жубайлар, ай» комедиясы, Лазаттың элеси ролі үшін –Арген Карагулов марапатталды.
Авторы: Мухамедкалый Касенов
Қойылым режиссері:
Эркин Эгембердиев

"Үздік музыкалық безендіру" номинациясымен «Шымкент қалалық әзіл- сықақ және сатира театры» марапатталды.
«Айман-Шолпан» комедиясы
Авторы: Мұхтар Әуезов
Қойылым режиссері: Мақсат Айтжанұлы

"Үздік әйел бейнесі" номинациясымен Райымбек Сейтметов атындағы  Түркістан қаласының сазды-драма  театры
«Турандот ханшайым» комедиясындағы Турандот  рөлі үшін –Гүлзада Айтбаева марапатталды.
Авторы: Карло Гоцци
Қоюшы режиссері: Қуандық Қасымов.

"Үздік режиссерлік шешім" номинациясымен Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театры марапатталды
«Венециялық егіздер» комедиясы
Авторы: Карло Гольдони
Қоюшы режиссері: Баатырбек Шамбетов

"Үздік ер адам бейнесі" номинациясымен Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры, Даржан рөлі үшін – Еркебұлан Айдымбаев марапатталды. «Қазақы комедия» комедиясы
Авторы және қоюшы режиссері:
Болат Ұзақов

"Үздік комедиялық қойылым" номинациясымен «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры марапатталды
«Чарли Чаплин» трагикомедиясы
Авторы және қоюшы режиссері:Николай Балобан