жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
06.03.2023

БҮГІН КӨКШЕТАУДА ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ АШЫЛҒАН КҮН!

      Бүгін Ш.құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының тұңғыш шымдылдығы ашылған күн! Театр 1996 жылы 6 - наурыз күні Ғабит Мүсіреповтың "Ақан сері Ақтоқты " драмасымен ашылды. Қоюшы режиссері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жақып Омаров. 27 жыл бойы үздіксіз шығармашылықпен айналысып, шыңдалып келе жатқан өнер ордасының ғұмыры ұзақ болсын дейміз! Барша әріптестерімізді, мәртебелі көрермендерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Көкшетау руханиятының қара шаңырағы жасай берсін!!!