жаналыктар

вход на сайт

Регистрация Забыли пароль?
29.06.2018

"Ұлттық домбыра күні"

Ақмола облысы мәдениет басқармасы жанындағы Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ-музыкалық драма театры.

 

        ҚР Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйғаруымен  шілденің алғашқы жексенбісі 1-шілде күні «Ұлттық домбыра күні» болып бекітілгені баршамызға аян. Əлімсақтан қазақ пен домбыра егіз ұғым. Домбыра - бұл біздің бабадан қалған асыл мұрамыз, баға жетпес байлығымыз. Домбырамен айшықталған күмбірлеген күйде, əуелеген əуезді əсем əнде жаныңды тебірентпей қоймайды. Бұл мерекенің қазақ үшін, ұлттық руханият үшін орны ерек. Осынау дархан даланы қоңыр домбыраның үні əлдилесе қалай шаттанбайсың

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сəл-пəл кем бұра.

Нағыз қазақ - қазақ емес ,

Нағыз қазақ ДОМБЫРА! - деп Қадыр ақын шегіне жеткізе жырлап кеткен. Киелі домбырамыз əр шаңырақтың төрінде, ғажап үні жүрегіміздің түбінде мəңгі сақталсын! ҚАЗАҚТЫҒЫМЫЗ бен АЗАТТЫҒЫМЫЗДЫҢ АЙҚЫН БЕЙНЕСІ ДОМБЫРАМЫЗ ЖАСАЙ БЕРСІН!!!!